Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылғы бюджет шығысы: Медицина, білім және қорғаныс саласына қанша қаражат бөлінген

2026 жылғы бюджет шығысы: Медицина, білім және қорғаныс саласына қанша қаражат бөлінген

Фото: istockphoto.com

2026 жылы Қазақстанның республикалық бюджетінің шығысы 27,8 триллион теңге болады. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге көп. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, жалпы алғанда бюджет әлеуметтік бағдарланған болып қала береді. 2026 жылы 10,7 трлн. теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде 6,8 трлн. теңге – әлеуметтік төлемдерге, ал 3,9 трлн теңге – адами капиталға салынатын инвестицияларға қарастырылған.
Осылайша, 2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға – 6,8 трлн. теңге бағытталды.

"Әлеуметтік саладағы негізгі шешімдердің бірі – әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың цифрлық тетіктерін дамытуды бастау, және проактивті форматқа көшу болып табылады. Бұл адами факторды азайтуға, бюрократияны қысқартып, көмек көрсетуді жеделдетуге алып келеді", -деді ол.

Денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн. теңге көзделген. Биылғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд. теңгеге артық. Бұл шаралар медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім және ғылым саласына – 902 млрд. теңге жоспарланып отыр.Бұл бағытта білім берудің сапасын арттыру, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту бойынша барлық басымдықтар сақталды.

Мәдениет, туризм және спортты дамытуға 2026 жылы – 263,5 млрд теңге қарастырылған.

Күштік құрылымдарды қаржыландыруға 2026 жылы 3 трлн. теңге жоспарланып отыр, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 335 млрд. теңгеге артық. Осылайша, қорғанысқа жұмсалатын шығыстар, жалпы ішкі өнімнің 1%-ын құрайды.

"2026 жылы экономиканың өсіміне әсер ететін шығындар шамамен 1,2 трлн. теңге жоспарлануда, бұл ретте нақты секторды дамытуға арналған қаражаттың көлемі 540 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 3,7 трлн. теңгені құрайтын болады.Бұл шаралар экономикалық өсімнің жаңа салалық драйверлерін іске қосуға және елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.Алдағы үш жылдық бюджетте, өңірлерді дамытуға 581 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 2026 жылға – 300 млрд. теңге жоспарланған. Бұл маңызды және жалпы халықтық сипаттағы маңызы бар жобалар болып табылады", - деді министр.

Оның айтуынша, 2026 жылғы түсімдер 23,1 трлн. теңге деңгейінде болжануда. Оның ішінде, трансферттерді есептемегенде, кірістер 19,2 трлн теңгені құрайтын болады. Экономиканың өсіміне, Жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты, ағымдағы жылмен салыстырғанда кірістер 3,6 трлн. теңгеге ұлғайып отыр.

2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5% (екі бүтін бес пайыз) деңгейінде, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға (нөл бүтін тоғыз пайызға) дейін төмендеу болжанып отыр.
22 қазан 2025 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031