Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентіндегі Аманкелді көшесі асфальтталуда

Әйтеке би кентіндегі Аманкелді көшесі асфальтталуда

Биыл ауданда «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында барлығы 23 жоба, оның ішінде Әйтеке би кентінен 19 көшені, елді-мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолымен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатары басталып, аяқталуға жақын.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі жөндеу жұмыстары жоспарланған 19 көшенің бірі - Амангелді көшесін асфальттау жұмыстарын көрді. Аталған көшеге орташа жөндеу жұмыстарымен «Строймодуль Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын осы аптада толықтай аяқтауды жоспарлап отыр.
Аудан әкімі мердігер мекеменің жауапты өкілі мен тиісті сала басшыларына жол құрылысының ең әуелі сапасына аса мән беруді тапсырды. Сонымен қатар, кенттегі Қобыланды батыр, С.Жәрімбетов, Төремұрат жырау және Нұрхатов сынды көшелерініңде жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау керектігін ескертті.
22 қазан 2025 ж. 280 0

Доллар бағамы қандай

07 маусым 2026 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930