Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел басшылардың мерейлі мезеті

Әйел басшылардың мерейлі мезеті


Бүгінгі күні білім саласындағы қызметте жігітке бергісіз жауапкершілік арқалап жүрген нәзік жанды мекеме басшылары жетерлік. Олар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов осындай азаматтардың мерейін арттырып, төрге шығарды.

— Қастерлі мамандық – ұстаздық етумен қатар менеджерлікті, отбасы-ошақ қасын қатар алып жүру – қайсар әйелге тән қасиет. 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында еселі еңбектеріңіз үшін риясыз ризашылығымды білдіремін. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ұрпақ тәрбиесіндегі істеріңіз алға басып, шығармашылық табысқа кенелуге тілектестік білдіремін, — деді Әділхан Оңдасынұлы.


Бұдан кейін отбасының шырағы, тұтас ұжымның бағдаршамына айналған мектеп, балабақша басшыларын марапат төріне шығарып, мерекелік сыйлық үлестірілді. Ізін ала аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқасым Раман мен Қорқыт ата атындағы Өнер мектебінің басшысы Сәукен Әліш мерекелік ілтипат көрсетіп, ізгі тілегін арнады.

@Қазалы ауданының білім бөлімі
08 наурыз 2024 ж. 270 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 117

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 108

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30