Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл сыйлайық әйелге…

Гүл сыйлайық әйелге…

Көктемнің нышанына, сұлулықтың символына айналған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінің білім саласындағы қорытынды кеші Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өрбіді.
Әйелдердің ұнамды түстерімен үйлестіре көмкерілген сахнаға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов көтеріліп, аудан басшысы Мұхтар Оразбаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Бұдан соң ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов кешке жиналған жүздеген ұстазға жылы шырай танытып, ақжарма тілегін ақтарды.
– Құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, білім саласының нәзікжанды арулары!
Замана тезіне түсіп, ақылы мен парасаты салтанат құрған қазақ әйелдерінің тұлғалық қасиетімен тайталасар ештеңе жоқ. Бүгін ұрпағымыз рухты, білімді әрі саналы болып, әлемдік деңгейде ұлтымыздың атын шығарып жатырса, мұны Сіздердің қазаққа тән биік рухтарыңыздың дарығаны деп түсінеміз. Сіздердің әрбіріңіз баланың тәлімді тәрбие мен қайырлы білім алуына орасан үлес қосып жүрсіздер. Бұдан бөлек кәсіпке ден қойып, өндіріске бет бұрған, көпбалалы отбасының берекесі мен қоғамдық шараларда белсенділігін қатар алып жүрген ұстаздарымыз қаншама?!
Әлем халқы әйелдерге ыстық ықыласын жеткізетін ерекше мерекеде барша ұстаз қауымына амандық, шат-шадыман көңіл күй тіледім. Ел үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз еселеніп қайтып, бейнеттің зейнетін көруді жазсын. Мерекелеріңіз құтты болсын, – деді Ә.Оңдасынұлы.
Білім саласының кез келген салтанатты жиыны лайықты ұстаз мерейін асырып, еңбегін елеуге ұласатыны белгілі. Бұл жолы алдымен ҚР Кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасы Кемал Роза апайға табысталды. Сонымен бірге, ондаған ұстазға ҚР Оқу-ағарту министрінің Құттықтауы, «Алтын алқа», Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты бұйырды.
Бұдан кейін жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Белгілі ақын Ақжол Түменбай да жалынды жырларынан тарту жасады. Кеш соңында концертке келген 500-ге жуық нәзікжанды аруға гүл шоқтары үлестірілді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
11 наурыз 2023 ж. 397 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930