Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы Әйтеке би кентін аралады

Аудан басшысы Әйтеке би кентін аралады




Фото: Қазалы ауданының әкімдігі
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, кент көшелерін аралады.

Алдымен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалына барып, жылу беру жұмысының барысын көрді.
«Қазалы-Теміржолжылу» филиалы директоры Еркін Алпысбаев жылу беру орталығының жұмысымен таныстырып өтті.

Аудан әкімі мекеме басшысына тұтынушыларға жылу беруді үздіксіз қамтамасыз етіп, аудан орталығындағы тұрғын үйлерде ақаулықтар орын алған жағдайда шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мұнан соң «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырларын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесін барып, мекеменің жұмысын көрді. Сондай-ақ, бөлімше басшысы Дәулет Тұяқбаевқа тұрғындарды ауыз сумен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз жұмыс жасап, тұтынушылар ауыз суды қалыпты жағдайда пайдалану керектігін ескертті.


Мұнан кейін Әйтеке би кентіндегі көмір қоймаларындағы қатты отынның қорын көріп, «Алтын көпір» аумағы мен Қ.Ерімбет, Қ.Пірімов, Бегім ана көшелерін аралады. Сондай-ақ жауапты сала басшыларымен аудан орталығындағы Жанқожа батыр көшесіне жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарының жобасын талқылады.

Аудан басшысы кент әкіміне көше бойындағы істен шыққан жарықшамдарды қайта қалпына келтіру, ретсіз өскен шөптерді шабу, ағаш түптерін балақтау, қоршаулар мен бағаналарды, жол белгілерін сырлау және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың алдында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретке келтіру жөнінде кәсіпкерлерге ескерту беруді тапсырды.

#Қазалы
02 наурыз 2024 ж. 89 0

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 58

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 89

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 89

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 85

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 84

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031