Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар колледж базасымен танысты

Оқушылар колледж базасымен танысты

Жуырда Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің 9-сынып оқушылары Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде өткізілген  WorldSkills кәсіби шеберлік байқауының колледжішілік кезеңін тамашалауға қатысып, колледждің материалдық - техникалық базасымен танысты.
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру – маңызды роль атқарады. Өйткені оқушы мектеп қабырғасынан бастап - ақ өзінің кім болатынын бағдарлайды. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Кәсіби бағдар жұмысын дұрыс жолға қойған мектептердің бірі де, бірегейі  - Қазалы қаласындағы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі.
Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді жұмыс. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі. Бұл жұмыс бағыты тек 9 және 11 сынып оқушылары үшін жүргізілетін жұмыс емес екенін түсінген педагогикалық ұжым жоспарлы кешенді жоспар арқылы жүргізеді екен. Яғни, әр оқушы бастауыш сыныптан, 5-сыныпқа көшкеннен бастап кәсіби бағдар тұрақты жүргізеді. Мектеп басшысы Маханбетов Оңталап Төлегенұлы үнемі кәсіби бағдар беру жұмысына жете мән берсе, мектеп директорының бағдарлы оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары Дәстенова Ләйла Жетесқызы бұл бағыттағы жұмысын жүйелі жолға қойған.
Оқушыларға дұрыс бағыт – бағдар беру, ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор.
Суретті түсірген:Нұргүл Тілектесқызы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
14 ақпан 2024 ж. 223 0

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 4

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 184

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728