Еңбекпен өрілген ғұмыр» атты конференция және «Өмір көшіндегі өнеге» кітабының тұсаукесері өтті
Жаңақорған ауданында еңбек және тыл ардагері Машбек Сапарбайұлы Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған «Еңбекпен өрілген ғұмыр» атты танымдық конференция өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов, мемлекет және қоғам қайраткері Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Жиынға қатысушылар алдымен «Машбек ата мұрасы», «Еңбекпен өрілген өмір» атты архив және фотоқұжаттар көрмесін тамашалады. Көрмеге ардақты азаматтың өмір және еңбек жолынан, ел игілігіне арналған қызметінен сыр шертетін құнды деректер қойылған.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің, ҚР Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаттарын көпшілікке оқып берді.
Сонымен қатар конференцияға еліміздің өңірлерінің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері құттықтау жолдады.
Сондай-ақ аймақ басшысы еңбек ардагерінің өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болатынын атап өтті.
«Сыр өңірі – елдік пен ерліктің, парасат пен ұлағаттың киелі бесігі. Тарихқа бай, қасиетті Қорасан ата топырағында 1926 жылы дүниеге келген Машбек Сапарбайұлының балалық шағы мен есею жылдары – ұлт тарихымен тамырласқан өнегелі ғұмырдың шынайы шежіресі. Оның бойындағы қайсарлық пен еңбекқорлық сынды асыл қасиеттері өмір мектебінде шыңдалды. Маңдай тердің қадірін біліп, қарапайым еңбек адамының абыройын әрқашан биік ұстады. Осындай асыл қасиеттері ел ардақтаған беделді тұлғаға айналдырды.
Машбек Сапарбайұлының азаматтық болмысы мен биік тұлғасы елдің рухани өміріне сіңірген еңбегінен де анық көрінеді. Ол ауыл-аймақтың ауызбіршілігін нығайтуға ерекше мән берді. Ел ішіндегі береке-бірлікті, ағайынның ынтымағын бәрінен де жоғары қойды. Өскелең ұрпақты білім-ғылымға, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында асарлатып мектеп, ағайынға бас болып өз қаражатына мешіт салдырды.
Еліміздің өркендеуіне сіңірген 65 жылға жуық мазмұнды еңбегі лайықты бағасын алып, «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Перзенттерінің бойына білім мен еңбекқорлықты, туған жерге деген шексіз құрметті сіңірді. Бес ұл, үш қызды тәрбиелеп, ұядан ұшырған Машбек Сапарбайұлының ұрпақтары бүгінде әке сенімін ақтап, еліміздің дамуына үлес қосуда. Бердібек Машбекұлы мен Нұрлыбек Машбекұлы мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріліп, абыз тұлғаның есімін биікке өрлетті.
Машбек Сапарбайұлының елге сіңірген еңбегі, кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес тағылымы адал еңбек пен ұлттық рухтың жарқын үлгісі болып қала бермек», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Конференцияда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов, ел ағалары Бекмырза Еламанов, Бақыт Нұртазаев, Нәжмадин Мұсабаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, жазушы Құлбек Ергөбек сөз сөйледі.
Мемлекеттік басқару саласының ардагері Серқожа Ыдырысов шаруашылық төрағасы болып сайланған жылдарын еске түсірді.
«Шаруашылыққа басшылыққа келген күннен бастап ауыл қарияларының алдынан өтіп, ақыл-кеңесіне жүгініп, ақ батасын арқа тұттым. Мұндайда әсіресе, көргені көп, елге жанашыр болмысымен енді ғана қазығын тігіп, еңсесін тіктеуге ұмтылған қауымның тіршілігіне тірек бола білген Машбек қарияның да кеңестеріне көп жүгінетін едім. Ол кісі сүйегі еңбекпен қатайған, қара жердің қасиетін тал бойынан өткізген, тәжірибеден көрген-түйгені мол шежіре көкірек, шынайы тәжірибенің иесі еді. Сол кісілердің ақылы, шаруашылықтың сан қырлы саласында, қысқа жіп күрмеуге келмей жатқан шақта сөзбен болсын демеп, қуаттандырып отыруы менің де еңбекке деген құштарлығымды арттырып, нені болсын маңдай тер, қажырлы қайратпен жеңе алатыныма сенімімді арттырды» – деді С.Ыдырысов.