Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шеберлік чемпионатының шымылдығы ашылды

Шеберлік чемпионатының шымылдығы ашылды

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттерінің арасында «Графикалық дизайн», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету», «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Worldskills кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі ­басталды.
Чемпионатты аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып:
– Техникалық және кәсіптік білім беру саласының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі зор. Колледждерді бітірген орта буын және жұмысшы кадрлар өндіріс пен шаруашылыққа аса қажет. Аймақ бойынша «WORLDSKILLS» Ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі 21 құзыреттілік бойынша 11 колледждің базасында өткізіледі. Чемпионаттың 4 құзыреттілік бойынша өткізілуі Қазалы аграрлы-техникалық колледж базасы облыстағы колледждердің алдыңғы қатарында екендігін көрсетеді, – деп, қатысушыларға шынайы тілегін жеткізді.
Мұнан кейін Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) бөлім басшысы Нұрхан Әбдіқалықов аймағымызда өткізіліп жатқан чемпионаттың мақсаты мен күтілетін нәтижесіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
WorldSkills Kazakhstan Чемпионатын өткізуден күтілетін нәтиже – мамандарды даярлаудың инновациялық үлгілеріне қол жетімділікті ашу, жоғары дағды мен кәсіптік құзыреттілікке оқытудың алдыңғы тәжірибесімен танысу мүмкіндігін ұсыну, кәсіптік шеберліктің ұлттық және халықаралық байқауларына қатысу тәжірибесін арттыру, ҚР ТжКБ беру жүйесін кәсіби мамандарды даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесімен интеграциялауға қолдау көрсету, ҚР ТжКБ беру жүйесінің мамандарды даярлаудың жалпы қабылданған әлемдік стандарттарына шығу мүмкіндігін ұсыну.
Чемпионаттың облыстық кезеңінде аймақ бойынша жиырмаға жуық колледжден 4 құзыреттілік бойынша 29 қатысушы бақ сынауда.

Серік АҚМЫРЗА
17 мамыр 2022 ж. 481 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 48

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 96

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 104

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 73

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 104

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031