Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы Отан соғысының ардагеріне облыс әкімінің құттықтауы табысталды

Ұлы Отан соғысының ардагеріне облыс әкімінің құттықтауы табысталды


Қасиетті Қазалы өңірінде кеудесі өсиетке, тұлғасы қасиетке толы абзал ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз жетерлік. Мұндай қазыналарымыз өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, ақылшы, тірегі болып келеді.

Сондай жандардың бірі - Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергенов ақсақал.
Бүгін қос ғасырдың куәсі болған майдангер - 100 жасқа толды. Соған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев соғыс ардагерінің шаңырағына арнайы барып, облыс әкімінің “Құттықтауын” табыстады.
Мұхтар Әуесұлы Тілеуберген ақсақалдың сұрапыл соғыстағы көрсеткен жаужүрек ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге екенін айтып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
Соғыс ардагері де мереке қарсаңында құрмет көрсетіп, жылы лебізін жеткізген аудан басшысына ризашылығын айтып, ақ батасын берді.
Айта кетейік, майдангерді құттықтауға аудан әкімімен бірге Қызылорда облысының және Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов және аудандық мәслихат депутаты Шәкизада Келімбетқызы барды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
02 қаңтар 2024 ж. 770 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30