Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Оразбаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтады

Мұхтар Оразбаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтады

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қабақ Смағұл мен Тілеуберген Тобабергеновтерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы алдымен Бекарыстан би ауылындағы Қабақ Смағұлдың отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. «Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» деген Мұхтар Оразбаев сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
Бұдан кейін Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінде тұратын соғыс ардагері Тілеуберген Тобабергеновке аудан әкімінің құттықтау хатын беріп, мерекелік сыйлықтар табыс етті.
Майдангер қарияларды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Ал соғыс ардагерлері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан аудан басшыларына ризашылығын білдірді.
30 қыркүйек 2022 ж. 553 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 136

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 193

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930