Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жердің гүлденуіне үлес қосқан азамат 63 жаста

Туған жердің гүлденуіне үлес қосқан азамат 63 жаста

Бүгін саналы ғұмырының көп бөлігін Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арнап, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Дәулетбек Тұяқбаев 63 жасқа толды.
Осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Дәулетбек Махамбетұлын арнайы қабылдап, мерейтой иесін зейнет демалысына шығарып салды.
– Әр жылдары Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімі, Қазалы ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі мен «РЗА-АГРО» ЖШС-нің директоры сияқты жауапты қызметтерді атқарып, еңбекқорлығыңыздың арқасында халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз. Бүгінде еңбек жолыңыздың соңғы кезеңдерін «Қазалы Көркем Сервис» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып, туған жердің тазалығы үшін аянбай еңбек еттіңіз, - деген Мұхтар Әуесұлы туған күн иесіне қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасын табыстады.
"Қазалы"ақпарат
28 қыркүйек 2023 ж. 453 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031