Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналар ардақталар күн

Аналар ардақталар күн

Кеше Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бірқатар аналардың үйіне барып, мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі алдымен 93 жастағы еңбек ардагері, Әйтеке би кентінің тұрғыны Әсемхан Лайықованың шаңырағына барды. Қазыналы қартты құттықтап, ыстық лебізін білдірген аудан басшысы мерекелік сый-сияпат табыстады. Қуанышқа бөленген Әсемхан әжей аналық алғысын айтып, ақ батасын берді.
Бұдан кейін аудан әкімі ең қарт тұрғын Шамша Аймашқызының отбасында болды. 100 жасқа келген ақ жаулықты әже Ғани Мұратбаев ауылында тұрады. Екі ғасырдың куәсі болған, зұлмат жылдары аянбай тер төккен Шамша әже шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын, ыстық ықыласын білдірді.
Алты ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Батыр ана бүгінде 15 немере, 28 шөбере, 8 шөпшек сүйіп отыр. Ойы анық, денсаулығы бірқалыпты әже аналарды назардан тыс қалдырмай, елеп-ескергендері үшін дән риза.
Мұнан соң, Жалаңтөс батыр ауылындағы еңбек ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Ажаркүл Алдажарованы құттықтап барудың сәті түсті. Мұхтар Әуесұлы Еңбек Еріне ізгі тілегін арнап, мерекелік сыйлығын тарту етті.
Аудан басшысының шаңырағына арнайы келіп, мерекемен құттықтауы мерейін өсірген Ажаркүл ана өз кезегінде азаматтардың ел үшін атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тіледі. Жастық шағын еске алып, ағынан жарылды. Әсіресе, Қазалы ауданының көркейіп жатқанына қуанып, еліміздің амандығы мен тыныштығын тіледі.
Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы ақ жаулықты аналардың ел дамуындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, батыр аналардың қандай құрметке болсын лайық екендігін, оларды қадірлеу – бүгінгі ұрпақтың мерейлі міндеті екенін баса айтты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
07 наурыз 2023 ж. 504 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930