Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты азамат 63 жаста

Ардақты азамат 63 жаста

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы ауданының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әлімжан Жарылқағановты қабылдап, 63 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Қабылдауда Мұхтар Әуесұлы мерейтой иесінің қатардағы қарапайым жұмысшыдан бастап басшылыққа дейінгі барлық сатыдан өтіп, абыройлы еңбек еткенін атап өтті.
– Сізді жерлестеріңіз қаламы жүйрік журналистен бөлек, Ішкі істер және Әділет министрліктерінде көп жыл қызмет еткен тәжірибелі маман ретінде жақсы біледі әрі құрмет тұтады. Сіз Қазалы жерінде де еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Әр іске жауапкершілікпен қарайтын қасиетіңіздің, еңбекқорлығыңыздың арқасында биік белестерді бағындырдыңыз, – деген аудан басшысы Әлімжан Мұратбайұлының иығына қазақы шапан жапты.
Сондай-ақ, ардақты азаматтың жары Маржан Қайырсапақызына да камзол кигізіп, ақ орамалды тарту етті.
Басқосуда аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап жүрекжарды лебізін жеткізіп, мерейтой иесін құттықтады.

Ж.СОВЕТҰЛЫ
16 қараша 2021 ж. 564 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 152

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 154

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031