Абырой, атақ – еңбекте

Түрлі салада ысылып, қажыр-қайратын ел дамуына арнаған ол 2006 жылдан бастап «Қазалы теміржолжылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келді.
Нұрылда Қалдашұлы 1955 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1972 жылы №2 азаматтық құрылыс дистанциясында ағаш ұстасы болып бастаған.
Әр жылдары №2 азаматтық құрылыс дистанциясында шебер, прораб, Қызылорда құрылыс монтаж пойызында құрылыс шебері, №8 азаматтық құрылыс дистанциясында шебер, «Теміржолмүлік» ААҚ бөлімшесіне қарасты Шымкенттегі №9 азаматтық құрылыс дистанциясында шебер, №6 су және жылумен жабдықтау мекемесінде шебер, аға шебер болып еңбек етті. Ал 2006 жылдан бастап осы кезге дейін «Қазалы теміржолжылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап құттықтап, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты. Сондай-ақ, Нұрылда Қалдашұлын Қазалы ауданының «Құрмет грамотасымен» наградтады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат