Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері арасында облыстық турнир өтті

БАҚ өкілдері арасында облыстық турнир өтті

Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен,«Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында облыстық ашық турнир өтті.
Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Берік Сәрменбаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
— Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан Сіздерге артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Осындай міндетті жауапкершілікпен атқарып, жағымды жаңалықтарды ақпараттандыруға зор үлес қосып келесіздер. Кәсіби шеберліктеріңіз арқылы ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен өңір жұртышылығы танысуда. Ауданды дамыту мақсатындағы жарқын істеріміз ақпарат көздерінен жиі таралып, басылым беттеріне тұрақты жарияланып отырады. Соның негізінде халық біздің жұмысымызды көріп, лайықты бағасын беруде. Міне, осы сәтті пайдалана отырып, өңірдің ақпарат саласында тынбай еңбек етіп жүрген Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Жазушы Шерхан Мұртаза «Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» дейді. Сондықтан ел үшін атқарып жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Сырдария ауданындағы жағымды жаңалықтарды алдағы уақытта да сапалы ақпараттандыруға үлес қоса беретіндеріңізге сенім білдіремін, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мұнан соң Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Гүлнұр Бүркітбаева да сөз сөйлеп, Сырдария ауданында БАҚ өкілдеріне арнап турнир ұйымдастырылып жатқанына ризашылығын жеткізді.
Облыстық турнирге «Qyzylorda», «Qogam TV», «Баспасөз», «Меншікті тілшілер», «Өңірлік коммуникациялар қызметі» және «Тіршілік тынысы» командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Тартысты өткен турнир нәтижесінде «Баспасөз» командасы І орынды, «Qyzylorda» командасы ІІ орынды, «Меншікті тілшілер» командасы ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға және қатысушы командаларға, арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.
18 қыркүйек 2023 ж. 107 0

Қарғыс тиген қыз

13 шілде 2024 ж. 87

Қызы қылықты ел едік...

13 шілде 2024 ж. 76

Жиде жұпар шашқанда...

13 шілде 2024 ж. 90

Мәйітхана

13 шілде 2024 ж. 99

Бақыттың мәнін ұғынсақ

12 шілде 2024 ж. 98

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031