Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан облыстық турнир басталды

Бокстан облыстық турнир басталды

Бүгін ауданда 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай бокстан Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық ашық турнир басталды.
Қ.Пірімов ауылындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыста 2009-2010, 2011-2012 жылы дүниеге келген былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирді аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталған жарысқа Түркістан облысы, Қызылорда қаласы, Шалқар, Арал, Қармақшы және Қазалы аудандары, Қ.Пірімов пен Жалаңтөс ауылдарынан 15 команда келді.
Айта кетейік, турнир 6 маусымға дейін жалғасатын болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
04 маусым 2023 ж. 416 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды