Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда ұстаздарға құрмет көрсетілді

Қазалыда ұстаздарға құрмет көрсетілді

Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде мұғалімдер мерекесіне арналған шара салтанатты түрде өтті.
«Ұрпағы ұлықтаған – Ұстаз» атты жиынға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихатң хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Есқалиева қатысты. Сондай-ақ, шараға аудандық мәслихат депутаттары мен ардагер ұстаздар, педагогтар жиналды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау мен мұғалімдердің қоғамдағы арқалар жүгі ауыр екенін тілге тиек етті.
– Өткен жылы аудандағы бірқатар білім беру нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Әйтеке би кентіндегі №226 мектеп-гимназия мен «Шағала» лагері бар. Биыл №226 мектеп-гимназияға тағы да қосымша спорт зал құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Одан бөлек, Әйтеке би кентіндегі бұрынғы №170 мектептің орнына 250 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Өткен оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен Қазалы ауданы жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, облыс бойынша бірінші орынға орналасты. Мұның бәрі – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі, – деп Мұхтар Әәуесұлы ұстаздардың еңбегіне табыс тіледі.
Одан бөлек облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнәр Есқалиева да сөз сөйлеп, мұғалімдерді мерекесімен құттықтады.
Мұнан кейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Есқалиевамен бірге білім саласының дамуына үлес қосып, шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген бірқатар ұстаздарды «Алғыс хаттармен», «Құрмет Грамоталарымен» марапаттады.
Сондай-ақ, 4 педагог қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды.
Марапаттаулардан кейін ұстаздарға ерекше сый ретінде өнерпаз мұғалімдер мен елімізге танымал әнші Қанат Үмбетовтың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
05 қазан 2021 ж. 689 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930