Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру саласындағы кейбір мәселелер талқыланды

Білім беру саласындағы кейбір мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен құрылысын салуға жататын білім беру нысандарының тізбесіне байланысты мәжіліс өтті.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары Жалғас Сүйеубаев, Ғалымжан Еркебай, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров, Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеу, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов толық мәлімет берді.
Құрылысын салуға жататын білім беру нысандарының тізбесіне Әйтеке би кенті бойынша 3 мектеп пен 3 балабақша, Қазалы қаласынан 1 балабақша жаңадан енгізілді. Сонымен қатар, Ғани Мұратбаев ауылындағы №91 мектеп пен Жанқожа батыр атындағы №70 мектепке қосымша оқу ғимаратын салу жобасы да қосылды.
Осы тізімге сәйкес апаттық жағдайдағы Қазалы қаласындағы «Өрімтал» және «Ақкөгершін» балабақшаларын қайтадан салу үшін ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.
Басқосу барысында аудандағы бірыңғай тестілеудің қорытындысы да сөз болды. Ол туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов толық айтып берді.
Аудан бойынша биылғы оқу жылында 34 орта мектептен 697 оқушы бітірді. Оның 89,5 пайызы, яғни 624 оқушысы ҰБТ-ға қатысты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 19,5 пайызға артық.
Бүгінгі таңда І лек бойынша 621 оқушы, ІІ лек бойынша 600 оқушы тест тапсырған. Бірінші кезең бойынша орташа балл – 83,8 болса, ІІ кезеңде түлектердің орташа балы 86,2-ні құрап отыр.
Ауданда ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 130 балды С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің оқушысы Айсана Тәжібай жинады.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сала басшыларына білім беру ұйымдарының қысқы жылу беру маусымына дайындығын осы кезден бастауды тапсырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 шілде 2021 ж. 515 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 186

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031