Қазалы аудандық мәслихатының аудандық сайлау комиссиясының босаған мүшесінің орынына сайлау өткізу туралы ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты аудандық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 мүшенің орнына сайлау өтетіндігін хабарлайды. Барлығы: 1 орын.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясының құрамында «Ауыл» ХДП, «Ақжол», Қазақстан халық партияларынан және «Білім беру саласының ардагерлер ұйымы», «Қазалы аудандық Әйелдер кеңесі», «Қазалы-Жомарты», «Қазалы Ынтымағы» қоғамдық бірлестіктерінен мүшелер болғандықтан, олардан басқа саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2022 жылғы 28 желтоқсанынан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихат аппаратына келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидатуралардың өтініштері аудандық мәслихаттың kazaly-maslihat.kz сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Мәслихат аппаратына қағаз формата ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылдың 28 желтоқсан 2023 жылғы 12 қаңтар аралығында дүйсенбі-жұма күндері 9:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №130. Жауапты адам – Табынбаев Қайыркелді Жұмабекұлы, кабинет 115 ұялы телефоны: 87021382296, электронды мекен-жайы: kazaly-maslihat@mail.ru.
Қазалы аудандық мәслихаты.