Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқыту семинары өткізілді

Оқыту семинары өткізілді

Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептегі №93 учас­келік сайлау комиссиясы базасында Қазақ­стан Республикасы Президенті сайлауы күнін талапқа сай жүргізуге арналған оқыту семинары өткізілді. Оған учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Қатысушыларға №93 учаскелік сайлау комиссиясының Қазақстан Республи­касы Президентінің кезектен тыс сай­лауына даярлық барысы мен мате­риалдық-техникалық жарақтандырылу жағ­дайы таныстырылды.
Оқыту семинарын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бектұр Қали ашып, бүгінгі басқосуда саяси науқанның негізгі тәртіп-талаптары түсіндірілетініне тоқталды.
Бұдан соң “Сайлау заңнамасы: қазір­гі тенденциялар (халықаралық тәжі­рибе)» тақырыбында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бектұр Қали, “Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында жүргізілетін ұйымдастырушылық дайындық жұмыстары туралы” аудандық сайлау комиссиясы төр­ағасының орынбасары Жаппарберген Жалғасбай, “Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу мен ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қожамжар Наурызбаев, “Сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы” аудан прокурорының көмекшісі Бағлан Аймағамбетов, “Республика Президентінің сайлауындағы дауыс беру тәртібі мен дауыс беру қорытындылары туралы” аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Мұратбай Әбубәкір, “Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясының жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы филиалының профессоры Ақза­да Мадалиева, “Электоратпен жұмыс істеу және дауыс беру күнделігі, сайлау комиссиялары мүшелерінің мінез-құлқы туралы” Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы филиалының кабинет меңгерушісі Ақмарал Турабаева дәрістемелік хабарлама жасады.
Семинар қорытындысында сайлау заңды­лықтарына байланысты тест алынды.
Оқыту семинарын облыстық сайлау ко­мис­сиясы төрағасының орынбасары Қ.Наурызбаев қорытындылап, сайлау күнін жоғары талаптар деңгейінде өткізуге шақырды. Сонымен бірге қойылған сұрақ­тарға түсінікті жауап қайтарылды.

Сахи БАХИҰЛЫ
25 мамыр 2019 ж. 2 129 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031