Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді төрімізге енгелі тұрған жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.
Жаңа жыл – өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт.
Өткен жыл аудан халқы үшін жетістіктері мол, табысы зор жыл болды.
Қазалы қаласы мен Жалаңтөс батыр, Құмжиек, Басықара ауылдары көгілдір отынға қосылды. Тағы 5 ауылға демеушілік есебінен газ тарту үшін құжаттары әзірленді.
Аудандағы құрылыс көлемі де өсті. 250 келушіге арналған емхана, Жалпақ, Жұбан елді мекендерінен медициналық бекет, Қ.Пірімов ауылында спорт кешені бой көтерсе, Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп, Кәукей ауылынан ауылдық клуб, Түктібаев ауылында спорт кешендерінің құрылыстары жалғасуда.
Жол құрылысы да қарқынды жүруде. Ағымдағы жылы 9 жол мен 1 көпір жобасы жүзеге асып, 75 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдары жөндеуден өтуде.
Жергілікті диқаншылар туындаған қиындықтарға қарамастан қамбаға 21 мың тонна сыр салысын құйды.
Мұндай елеулі жетістіктер қай салада да бар. Қазалы елінің бұл табыстарында бәрінің жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан, баршаңызға еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Ардақты ағайын!
Жаңа жылда дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін.
Қасиетті Қазалы елінің құты мен ырзығы арта бергей!
Құрметпен,
М.ОРАЗБАЕВ
Қазалы ауданының әкімі
31 желтоқсан 2022 ж. 551 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930