Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

Елінің атын, жерінің даңқын шығаратын тұлғаларды ардақтап, «Адал ұл ер болып туса – ел тірегі» демекші қазақ қашанда адал ерін есінен шығармай, оларды ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында есімін жаңғыртуға зор мән берген. Себебі ел амандығы үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізіп, теңдік пен бақыт үшін күрескен батырларымыз көп болған.
Ауданда Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар еңбек және тыл ардагерлері мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан азаматтардың құрметіне көше атаулары берілді. Бұл күні «Достық» көшесінің орамына Ұлы Отан соғысында асқан ерлікпен қаза тапқан батыр Қожахмет Қожаниязовтың есімін берді.
Батыр есімін ұлықтауға оның туған-туыстары, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров, Қазалы ауданы ардагерлерің кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен Мәдениет және тілдерді дамыту орталығының басшысы Болат Әбенов және көше тұрғындары келді.
Көше бойында боздақтың құрметіне қойылған арнайы ескерткіштің ашылу салтанатында бірқатар азамат сөз алып, ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді. Солардың қатарында кент әкімі Қ.Орынбасаров та бар.
– Ұлы қазақ даласында ауыз толтырып айтарлық істерімен есте қалған батырлар көп болды. Ұлы Отан соғысына да біздің жау жүрек отандастарымыз қатысты. Сол жандар оқ пен оттың ортасында күн кешіп, жеңісті жақындатты. Міне, біз сол Отан қорғаушылардың ұрпағымыз. Сондықтан да батырларымыздың абыройын әрқашан асқақтатып жүруге міндеттіміз. Өйткені олар – ел қорғандары, – деді кент әкімі.
Онан соң мінбердегі микрофон кезегі Қожахмет Қожаниязовтың ет жақындарына берілді.
– Бүгін Сыр өңірінің даңқты перзенттерін құрметтеу мақсатында шағын шара өткізіліп, ауданның көшелерінің бірін Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған Қожахмет Қожаниязов атамыздың атымен атағалы тұр. Осындай елім деген ерлерін елеп-ескеріп жатқан қазалылықтар мен жергілікті әкімдікке алғысымыз шексіз.
Осыдан бірнеше жыл бұрын атамыз жайлы деректер жинап, жер-жерді шарлаған едім. Сөйтіп жүріп, Ресейдің «Великий Лукий» қаласындағы ­«Бауырларстар қорымында» жерленгендігін естіп, сонда бардым. Барлығын дәлелдейтін құжаттамаларын мен туған жерге бір уыс топырағын ала келдім. Жастайынан майданға барып, көрер қызығынан үзілген, артында ізін жалғар ұрпағы да қалмаған бабамыздың есімі енді көптің есінде қалып, осындай бір құрметке бөленсе екен деген арманымыз бар еді. Енді міне бүгін сол көксегенімізге жетіп, қуанышымызда шек болмай тұр.
Бүгінгі тұғырлы тәуелсіздігімізді алған мерейлі мереке күнi бiз азаматтық арды ту етіп, өз өмiрлерiн құрбан еткен батыр бабамызға құрмет көрсетіп келіп отырмыз. Салтанатты түрде ашылғалы тұрған көше, ынтымақты халқымыздың мерейін асқақтатар көрікті орындардың біріне айналсын, – дейді Алтынбек Қожаниязов.
Айта кетейік, Қожахмет Қожанияов Ұлы Отан соғысына, қан майданға елі мен жерін қорғауға жасы 18-ге таяған уақытта аттанған. Алайда бір жылдан соң соғыс алаңында қаза тапқан. Қыршыннан қиылған қаһарман өзінің қысқа да нұсқа өмірінде, майданда алдыңғы шептен көрініп, «Батыр» атағын алған. Сондай-ақ өзге де Ұлы Отан соғысының Үрмәш Түктібаев пен Әлия Молдағұлова сынды батырларымен иық тіресе ел қорғаны болған.

С.АҚМЫРЗА
20 желтоқсан 2022 ж. 629 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031