Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына – 30 жыл.

Осыған орай Ауған соғысында қаза тапқан жерлестерімізді еске алуға арналған «Ерлікке, елдікке тағзым» атты ауқымды шара өтті. Шарада ел үшін ерлік қылған ардагерлер де ұлықталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Еске алу шарасы «Тағзым» алаңында өткен митингтен бастау алды. Митингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сондай-ақ «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайриддин Баймахановтар отты жылдарды еске түсіріп, өткенге салауат, бүгінге береке тіледі.

Содан соң ауған соғысында қаза болған жерлестеріміздің рухына құрмет ретінде гүл шоқтары қойылып, бақилық болған жауынгерлерге қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Нұрсейітов құран бағыштады.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
15 ақпан 2019 ж. 2 138 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031