Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жадымызда жаңғырған Жеңіс күні

Жадымызда жаңғырған Жеңіс күні

Қазалы халқы жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнінде майдан даласында мерт болған сарбаздарды еске алып, оларға тағзым жасауды естен шығарған емес. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, аудан тұрғындары, соғыс және еңбек ардагерлері Әйтеке би кентінің орталық алаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Мұнан соң салтанатты шара «Жеңіс» саябағында жалғасты. Оған арнайы қатысқан соғыс ардагері Қабақ Смағұл бұл күннің ерекше екенін атап өтіп, елімізде бейбітшілік заман болсын деген тілегін жеткізді. Сұм соғыста шейіт кеткен қазалылықтардың есімі жазылған “Тағзым” алаңына гүл шоқтары қойылып, фашистердің қолынан оққа ұшқандарды бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Жиында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады.
– Қанша жанның тағдырын қиып, бірін – әкеден, бірін – бауырдан, енді бірін асыл жарынан айырған алапат майданның аяқталып, еліміздің көгінде Жеңіс туының салтанат құрғанына биыл 73 жыл толып отыр. Біз – Жеңіске жеткен бабалардың ұрпағымыз. Сол алдыңғы буын – әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Өздеріңізге мәлім, Ұлы Отан соғысы жылдары әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Жерлестеріміз ұрыстарда батылдық танытты. Ал тылда қалған қарттар, әйелдер мен балалар күні-түні аянбай еңбек етті. Ортақ Отанды қорғау үшін біздің ауданымыздан 11 мыңға жуық азамат майданға аттанса, 6 мыңнан астамы ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары сиреп барады. Бүгінгі күнде 5 ардагер Пірназар Мырзатаев, Тілеуберген Тобабергенов, Қалеп Бектұрғанов, Лепес Әуесбаев, Қабақ Смағұл аталарымыз арамызда.
Майдан даласында алдыңғы сапта тұрып кеуделерін оққа тосқан жерлестеріміз Кеңес Одағы батырларының, «Отан соғысы» және «Қызыл жұлдыз» орден-медаль иегерлерінің арасында өз орындарын айқындады.
«Бәрі де Жеңіс үшін!» ұранымен екі мыңнан астам тыл ардагерлері де Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Жеңіс сарбаздары болмаса Тәуелсіз ел атанып, дәл осындай шаттық күйін кешер-кешпесіміз беймәлім еді. Сол себептен, біз майдангерлерді әлі де жауынгерлік сапта деп есептейміз.
Өйткені, ардагерлер бүгінгі күні де өнегелі істерімен, ұлағатты ақыл-кеңестерімен ауданымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, жас ұрпақты патриоттық, отаншылдық рухта тәрбиелеуде аға ұрпақ өнегелерінің маңызы зор. Сол аталарымызға қарап жастарымыз бірлікке, Отанды қорғауға үйренсе екен дейміз, – деді аудан басшысы.
Бұл күні “Жеңіс” саябағына жиналған жұртшылық аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, мерекелік көңіл күймен тарқасты.
Айта кетейік, бұл күні аудан әкімі аудандағы соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
11 мамыр 2018 ж. 2 617 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031