Мереке қарсаңындағы жарыс
30 қыркүйек күні аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Ұстаздар мерекесіне орай білім қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.
№276 мектепте ұйымдастырылған сайыс білім қызметкерлері арасында спорттың бұқаралығын арттыру, спорт түрлері бойынша білім қызметкерлерінің облыстық жарыстарына аудан құрама командасын жасақтауды мақсат етті. Оған аудан мектептерінен 12 команда қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша І орынды №249 мектеп-лицей, ІІ орынды
№103 мектеп және қола жүлдені №170 мектеп командасы иеленді. Сонымен бірге «Үздік байланыстырушы» бағамымен №70 мектептің мұғалімі Фариза Маханбетова мен №70 мектептің ұстазы Мұхтар Шүленбаев, «Үздік шабуылшы» номинациясы №276 мектептің мұғалімі Таңшолпан Каниева мен №170 мектептің мұғалімі Нұрсұлтан Бекділда марапатталды. Ал «Үздік қорғаушы» бағамы №70 мектептің мұғалімі Элмира Махамбетамин мен №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Мұқағалиға Сансызбаев, «Үздік ойыншы» атағы №190 мектептің мұғалімі Нұргүл Досан мен №103 мектептің ұстазы Абдулла Ғарифуллаға бұйырды.
Қаракөз СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ