Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шарбану шыққан шың

Шарбану шыққан шың

Ұстаз - ұлық тұлға. Парасат пен бекзат болмыстың иесі. Жан-жағына нұрын, білім-білігін, нұрын шашып жүретін жан.
Жалпы “Білім - инемен құдық қазғандай” десек, шәкірт жүрегіне жол тауып, өмір жолына бағдаршам болу одан да қиын шаруа.
Біздің Қазалылық ұстаздарда өздерінің расыменде білім көшінде озат әрі үздік ретінде көп жерде дәлелдеуден жалыққан емес. Соның алдыңғы сапында Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің ұстазы Шәрбану Баекеева да бар.
Тағдыр жолында сан мыңдаған тастүлектің томағасын сыпырып, көк аспанға құлашын жаюға септігін тигізген Шарбану Қазалы ауданындағы өзіндік орны бар ұстаз, қаламы қарымды қаламгер, біздің “AMANAT” партиясының белсенді, еңбекқор мүшесінің қатарында.
Ол әрдайым партия істерінің басы-қасынан табылып, қоғамдық жұмыстардың алғы легінде жүреді. Сонымен қатар студент жастардың да саяси көзқарасының дұрыс қалыптасуына, елжанды нағыз патриот азамат болуына да өз септігін тигізіп жүр!
Еңбегімен дара, елжандылығымен дана Шарбану ұстаз күні кеше ғана өткен Президент сайлауында да аудандық штабтың алғы шебінде жүрді. Көптеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қатысты.
Міне, Шарбану Баекеева осы белсенді қызметі үшін Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Нәлібаевтың қолынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Алғыс хатын алды.
Біз де өз кезегімізде ұлағатты ұстазды айтулы марапатымен құттықтаймыз. Әрдайым абырой биігінен көріне беруіне тілектеспіз!

04 желтоқсан 2022 ж. 663 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 20

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930