Жарқын болашаққа жол ашатын – референдум
5 маусым күні елімізде республикалық референдум өткізілді. Өзім Қазалы қаласындағы №66 дауыс беру учаскесінде «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі атынан партия өкілі болдым.Халық Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевқа елдің болашағы үшін зор сенім артады. Мен Қазалы қаласының өзге ұлт өкілдерінің референдум туралы оң көзқараста екеніне, таңмен таласып дауыс беруге келгеніне шын көңілден риза болдым. Дауыс берушілердің басым бөлігі елдегі қандай да болмасын, барлық өзгерістерді қолдайтынын, өзгеріп те жатқанын ашық айтты.
Шарбану БАЕКЕЕВА,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі
директорының оқу жұмыстары
жөніндегі орынбасары













