Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар озат атанды

Ұстаздар озат атанды

qazaly.kz. «Білім – инемен құдық қазғандай». Осынау сөзде үлкен даналық жатқаны сөзсіз. Ал сол білімді шәкірт жүрегіне сеуіп, қаршадай баланы қоғамның үлкен жүректі азаматы етуде ұстаздардың арқалайтын жүгі жеңіл емес.
Білім көші сәт сайын дамыған XXI ғасырда ұстаздардың да қатардан қалмай, өздерінің интеллектуалды әлеуетін жоғарлатып отыру да заман талабы десек артық айтпағандық болар еді.
Сондай қоғам үдесінен шығып, өздерінің білім-біліктілігін жетілдіріп жүрген қазалылық ұстаздар да әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп келеді.
Осы ретте жуырда ғана Қызылорда облысы әкімдігі және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен "IQ-ORDA" республикалық интеллектуалды сайысы өткен болатын. Аталмыш сайысқа аудан ұстаздарынан жасақталған «Қазалы» құрамасы да қатысып, бас жүлдені иеленіп, арнайы кубок пен 500 мың теңге сыйақы иеленіп қайтты.
Бұл жөнінде құрама жетекшісі, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұрбек Ақпанбетов:
– Жаһандану заманында бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы интеллектуал ұлт тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылатын бұл байқауға республикамыздың барлық аймағынан 18-35 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын. Жалпы сайыс 5 кезеңнен тұрды. Түрлі салалар бойынша жалпы сұрақтар, кино, музыка, квизден сұрақтар қойылды. Бұл бөлімнің ерекшелігі – сұрақтар 3 тілде қойылды.
Мұнан соң логикалық сұрақтар мен әлем және қазақ әдебиетінен, тәуелсіз Қазақстан тарихынан  сұрақтар болды. Командамыздың білімді де белді мүшелері барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өзгелерден оқ бойы оза шықты, – дейді жастар жетекшісі.
Айта кетерлігі «Қазалы» командасының сапында Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің ұйымдастырушы-педагогы Меңдібай Мейірман, №276 орта мектеп мұғалімі Төлепберген Құдайберген,Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназия мұғалімі Ерлан Өзбекбаев, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицеймұғалімі СымбатТиышбай,Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп мұғалімі ЕлнұрНұрқасым аудан абыройын қорғады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
24 қараша 2022 ж. 603 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031