Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

Елімізде экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98,4 млрд долларды құраған.Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 72,9 млрд долларға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР экспортының номиналды көлемі – 63,8 млрд доллар. Бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5%-ға артық (43,3 млрд доллар).
ERI есептеулері бойынша, ҚР экспортының нақты өсімі негізгі экспорттық позициялардың бағасы жоғары болуына байланысты шамамен 2,8-3%-ды құрайды. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6%-ға, экспорттық түсімдер 63,4%-ға өсті.
Елдер бойынша экспорт:
Италияға 84%-ға, яғни 11,2 млрд долларға;
Қытайға 43%-ға, яғни 10,3 млрд долларға;
Ресейге 15%-ға, яғни 5,9 млрд долларға;
Нидерландыға 24%-ға, яғни 4,1 млрд долларға;
Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 млрд долларға;
Түркияға 71%-ға, яғни 3,6 млрд долларға;
Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті.
2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 млрд доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) көп болды.
22 қараша 2022 ж. 585 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 28

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 29

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 34

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031