Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98,4 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 35%-ға (72,9 млрд доллар) артық, деп хабарлайды inform.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР экспортының номиналды көлемі – 63,8 млрд доллар. Бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5%-ға артық (43,3 млрд доллар).
ERI есептеулері бойынша, ҚР экспортының нақты өсімі негізгі экспорттық позициялардың бағасы жоғары болуына байланысты шамамен 2,8-3%-ды құрайды. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6%-ға, экспорттық түсімдер 63,4%-ға өсті.
Елдер бойынша экспорт:
- Италияға 84%-ға, яғни 11,2 млрд долларға;
- Қытайға 43%-ға, яғни 10,3 млрд долларға;
- Ресейге 15%-ға, яғни 5,9 млрд долларға;
- Нидерландыға 24%-ға, яғни 4,1 млрд долларға;
- Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 млрд долларға;
- Түркияға 71%-ға, яғни 3,6 млрд долларға;
- Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті.
2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 млрд доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) көп болды.
22 қараша 2022 ж. 574 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 228

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 127

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031