Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық қабылдау өткізілді

Қоғамдық қабылдау өткізілді

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге қоғамдық қабылдау өткізді.
Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңес беру.
Қоғамдық қабылдауға облыс прокурорының орынбасары Бақытжан Мырзабаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті бастығының орынбасары Ер-саид Замишев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байкелді қатысты.
Басқосуда аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, көмек көрсетуді сұрады.
Сондай-ақ, Әйтеке би мен Қазалы қаласының аралығында жаңа мектеп ғимаратын салу, Бозкөл ауылынан типтік жобада жаңа балабақша салу, тұрақты жұмыспен қамту және тұрғындардың жеке мәселелері бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов және аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан қабылдауда болған барлық тұрғындарға тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, кездесу барысында облыс прокурорының орынбасары Бақытжан Мырзабаев пен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді құқықбұзушылыққа қатысты тұрғын тарапынан көтерілген жеке мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңес берді.
Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына қоғамдық қабылдауда айтылған өтініштерге сәйкес белгіленген заң аясында тиісті жұмыстар атқаруды тапсырылды.
Қоғамдық қабылдаудан кейін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралады.
Алдымен Қазалы қаласындағы 140 орындық балабақша құрылысы мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, Қ.Пірімов ауылындағы №92 мектеп пен жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінің жұмысын көрді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

16 қазан 2022 ж. 420 0

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 45

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 90

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 139

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031