Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық фракция мүшесі аудан тұрғындарын қабылдады

Облыстық фракция мүшесі аудан тұрғындарын қабылдады

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Есқалиева Гүлнара Бабабекқызы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелері Әйтеке би кентіндегі шағын мөлтек ауданын орталық канализация жүйесіне қосу, аяқ-су және жұмыспен қамту мәселелері төңірегінде болды. Канализация жүйесіне қосу және аяқ-су мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалар аясында Гүлнара Бабабекқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Әйтеке би кенті әкімнің орынбасары Дархан Алпысбаевқа мәселелерді назарға алып, алдағы уақытта жұмыс жасау тапсырылды. Келесі тұрғынның жұмыс мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев және тиісті сала қызметкерлері шақырылып, өтініш иесінің мәселесін зерттеп, шешілу жолдарын заң аясында қарастыру керектігін жеткізді. Қабылдау соңында Гүлнара Бабабекқызы тұрғындар өтінішінің өз бақылауында болатынын айтты.
«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы
18 қараша 2021 ж. 460 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 82

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 142

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031