Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жұмыс жемісін береді

Жүйелі жұмыс жемісін береді

Өткен жексенбіде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Қазалы ауданына ат басын бұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сонымен қатар жаңа оқу жылына білім беру нысандарының дайындық барысын пысықтады.
Ел ішіндегі жүйелі жұмыстар мен тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысуға келген Нұрымбет Аманұлы алдымен Әйтеке би кентінде бой көтеріп жатқан 250 орындық мектеп құрылысына аялдады. Өткен жылы басталған білім ордасының құрылысы жоспар бойынша биыл аяқталуы тиіс. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтіп, мектепті уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Мұнан соң аудан орталығында «Айгөлек» балабақшасына барып, апатты жағдайдағы көне ғимараттың алдағы жайын талқылады.
Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы №70 мектепке де қосымша ғимарат салу – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ауданға іссапары барысында білім ордасына арнайы барып, жай-күйімен танысты.
Нұрымбет Аманұлы артынша Қ.Пірімов ауылындағы спорт кешені мен Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйін көріп, Қазалы қаласындағы №140 орындық «Өрімтал» балабақшасының құрылысының жайын білді. Сондай-ақ ортағасырлық Жанкент шаһарына да арнайы барып, археологтармен тілдесті. Мамандар қазіргі таңда Германия мен Ресей мемлекеттерінен келген археологтармен бірге қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.
Облыс әкімі орынбасары Нұрымбет Аманұлының Қазалыға жұмыс сапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов және тиісті бөлім басшылары да болды.
А.БАҚЫТҰЛЫ
23 тамыз 2022 ж. 244 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930