Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы тағайындалды. Ол прокуратура органындағы қызметін 1998 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Одан кейін Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Сырдария, Шиелі аудандарының прокуроры, Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары, облыстық прокуратураның кадр жұмысы басқармасының бастығы, Бас прокурордың аға көмекшісі қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаментінің Азаматтарды жеке қабылдау басқармасының бастығы лауазымын атқарған. Облыс прокурорының тағы бір орынбасары қызметіне Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы келді. Ол прокуратура органындағы қызметін 2005 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Одан кейін Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, облыстық прокуратурасының бөлім бастығы, облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Жаңақорған ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шиелі ауданының прокуроры болды. Сондай-ақ, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары қызметіне Мырзабаев Бақытжан Әбдіжаппарұлы тағайындалды. Ол прокуратура органындағы қызметін 2003 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Қармақшы ауданының прокуроры болды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазалы ауданының прокуроры лауазымын атқарған. Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысы полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалғанын хабарлаған едік.
08 тамыз 2022 ж. 395 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031