Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мигранттар заңнама шеңберінде еңбек ете алады - Әлихан Смайылов

Мигранттар заңнама шеңберінде еңбек ете алады - Әлихан Смайылов

Әлихан Смайылов Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиынына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды egemen.kz.
«Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз керек. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік», деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол жалдамалы тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыздың қиын жағдайға тап болғанын сөз етті.
«Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет болуы тиіс. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда», деді Үкімет басшысы.
27 қыркүйек 2022 ж. 547 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 119

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031