Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Смайылов ресейліктердің көптеп келуіне байланысты тапсырма берді

Смайылов ресейліктердің көптеп келуіне байланысты тапсырма берді

Үкімет басшысы елге ағылып жатқан ресейліктерге заң аясында қызмет көрсетілетінін атап өтті Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресей азаматтарының Қазақстанға көптеп келуіне байланысты үкімет мүшелеріне тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетілетінін атап өтті.
"Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік", - деді ол үкімет отырысын бастамай тұрып.
Сонымен қатар Смайылов жалға берілетін баспана бағасының өсуінен қазақстандықтар қиын жағдайға тап болғанын айтты. Осыған байланысты премьер жауапты органдарға тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
"Еңбекпен қамту бойынша, ең алдымен, қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін басымдық. Барлық кәсіпорын мен мекемелер осыны естен шығармауы керек. Ал көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады", - деп мәлімдеді Смайылов.
Жағдай үкіметтің күнделікті бақылауында.
27 қыркүйек 2022 ж. 492 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 201

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 170

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930