Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды egemen.kz.
«Тағы бір маңызды мәселе – ол суға түсу, шомылу қауіпсіздік шаралары. Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмау керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы бала. Өткен жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42 пайызға қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын», деді Ә. Смайылов.
Осы орайда Үкімет басшысы ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет екенін атап өтті.
«Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет», деді Премьер-Министр.
02 тамыз 2022 ж. 752 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 152

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031