Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада су шаруашылығының мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 73-і отырысы өтуде

Қызылордада су шаруашылығының мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 73-і отырысы өтуде

Қызылордада су шаруашылығының мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 73-і отырысы өтуде. Ұйымдастырушылар - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі.
1992 жылдан бері жұмыс істейтін комиссия Орталық Азия мемлекеттерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелерін шешуге арналған алаңы болып табылады.
Шараға ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары Министрінің орынбасары Рахимзода Султон, Түркіменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Байрамдурдыев Магтымгулы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысуда.
Жиын барысында қатысушылар су тоғандары лимитін пайдаланудың қорытындысын шығарып, Әмудария және Сырдария өзендерінің бассейндеріндегі су қоймасы кешендерінің жұмыс режимі туралы баяндайды. Сондай-ақ, тараптар 2018 жылға арналған су тоғандарының лимитін бекітіп, су қоймасы кешендерінің жұмыс режимінің болжамды кестесін бекітуді келіседі.
03 мамыр 2018 ж. 2 390 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930