Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылдың 1 қазанында дүниеге келген.
Қызмет жолы:
1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті.
1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры.
1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры.
1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі.
2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы.
2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі.
2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті Елшісі.
2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
2009 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылдың 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2016 - 2017 жылдарда - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.
Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына, Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.
Айта кетейік, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.
baq.kz
12 қаңтар 2018 ж. 1 582 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930