Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экспорт көлемі 5 жылда 2,5 есеге көбейеді

Экспорт көлемі 5 жылда 2,5 есеге көбейеді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.
- Елбасы биылғы жолдауында алдағы 5 жыл көлемінде ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өңдеу саласына көп көңіл бөлу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, өңделген өнімдердің экспортқа шығару көлемі 5 жылда 2,5 есеге көбейтуді талап етуде, - деді Серік Салауатұлы.
Былтыр облыста күріш, балық, қауын-қарбыз, пияз, болгар бұрышы секілді ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 37 пайызға өсті. Яғни, 89,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Оның ішінде шетелге шығарылған күріш көлемі 84,6 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39% артты. Ресей мемлекетінен сұраныс жоғары. Биыл бұл тапсырыс көлемі көбеймек.
Сондай-ақ, өткен жылы облыстың аграрлық секторына 9,3 млрд. теңге бөлінді. Өндірілген өнім көлемі 86,1 млрд. теңгеден асты.
01 ақпан 2018 ж. 1 415 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 152

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 154

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031