Жастар кеңесінде маңызды мәселелер қаралды

Кеңес төрағасы Есет Жұмабекұлы бірінші мәселе бойынша кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Күн тәртібіндегі кезекті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы жастарға қатысты бірқатар міндеттерге тоқталып өтті.
Мұнан соң аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінде мүмкіндігі шектеулі жастарға жасалып жатқан көмектер мен атқарылған жұмыстар және жастардың жұмыспен қамтылуы бойынша бөлім басшысының орынбасары Мұратбек Нағашыбаев баяндады. Хабарламадан соң кеңес мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандармен рухани бағытта шаралар ұйымдастыру, аудандық деңгейде өткізілетін шараларға қатысуына жұмыстар жасау, сондай-ақ, аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірге айдың соңына дейін аталған топ өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында кездесу өткізу жөнінде сөз қылды.
Жиында қатысушылар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы турасындағы ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, бөлімде мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсінікті әрі қарапайым тілде ақпараттандыру жұмысын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді. Аталған ұсыныстардың орындалуы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұратбай Бекмағамбет алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқаратындығын айтты.
Күн тәртібінде қаралған соңғы мәселе аудандық, кенттік, қалалық және ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардағы үйірмелерге тартылған жастар жөнінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұржан Аралбаевтың хабарламасы тыңдалды. Жиында соңғы талқыланған тақырып төңірегінде кеңес мүшелері ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардағы үйірмелердің жұмысын күшейту, жаңа заманауи үйірмелерді ашу және аудандық мәдениет бөлімі тарапынан аудан өнерпаздарына қолдау көрсетіп, ынталандыру мәселесін қолға алу керектігін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша кеңес төрағасы Есет Табынбаев берілген ұсыныстарды хаттамалық ұсыныс негізінде бөлімдерге жолдап, кеңес бақылауында болатындығын жеткізді.
#AMANAT #Jastarkenesi