Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Есет Табынбаевтың төрағалығымен кеңестің биылғы алғашқы отырысы өтті.
Кеңес отырысында жастармен байланысты түрлі санаттағы өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда күн тәртібіндегі бірінші мәселеде аудандық жұмыспен қамту орталығында жастар аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, жастардың жұмыспен қамтылуы және қайтарымсыз грант сынды сұрақтар қаралып, орталық директоры Әділхан Әбіловтың баяндамасы тыңдалды.
Хабарламадан соң жиынға қатысушылар тарапынан қайтарымсыз қаржы алуға үміткерлер жобасын қарайтын аудандық комиссия құрамында жастардың болуы, грант иегері атанған кәсіпкерлер қаржыны қандай мақсатта игеріп жатқандығын анықтау мақсатындағы монитиоринг жұмыстарының жүргізілуі, жас отбасыларға орталық тарапынан берілетін жеңілдіктер және орталықтың әлеуметтік желідегі белсенділігі бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді.
Кеңес отырысы барысында күн тәртібінде қаралған екінші мәселе аудандық полиция бөлімі тарапынан жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар. Аталған мәселе аясында жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ғалымжан Аманов хабарлама жасап, кеңес мүшелері учаскелік полиция инспекторлары өзіне белгіленген аумақтағы жұмыстарын күшейту, бөлім тарапынан полиция қызметкерлері мен жергілікті халықпен байланысты жақындату мақсатында әр аумақ жастарымен спорттық жарыстар өткізуге қозғау салу, әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алу және әлеуметтік желіде бөлім тарапынан жасалған жұмыстарды ақпараттындыруды күшейту сынды ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аталған сұрақтар аясында хабарламашылар тарапынан тиісінше жауаптар беріліп, ұсыныстар аясында алдағы уақытта жұмыс жүргізілетіндігі жеткізілді.
#AMANAT