Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды міндеттер тізбектелген Президент жолдауы талқыланды

Маңызды міндеттер тізбектелген Президент жолдауы талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалында аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен партия активі өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Партия филиалының төрағасы Мұхтар Әуесұлы жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты– тұрғындардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру екендігіне тоқталып, осы секілді басқа да маңызды міндеттерді атап өтті.
Жиын барысында алғашқы болып, аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғазиз Әліш сөз алып, Жолдаудың негізгі мән-маңызына, басым бағыттарына тоқталып, ерекше тұстарын саралады.
Сондай-ақ, отырыста Жолдауда айтылған әлеуметтік реформалар жөнінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, «Өнерпаз» бастауыш партия ұйымының төрағасы Совет Бабанаев баяндады.
Талқылау барысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов жолдауда жан-жақты қарастырылған жер мәселесіне тоқталып, игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Мұнан соң жиында аудан жастарының жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға белсене атсалысатындығын «Жастар рухы» жастар қанаты аудандық филиалының төрағасы Нұрбек Ақпанбетов атап өтті.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар да басым бағыттар, негізгі ұстаным, межелі міндеттер туралы пікірлерін ортаға салып, стратегиялық маңызды құжатта көзделген негізгі мақсаттар туралы ойларын ортаға салды.
Партия активін қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жолдауда көзделген міндеттерге жету үшін бірлесе еңбек етудің маңызды екенін айрықша атады. Сондай-ақ, жолдауды насихаттау жұмыстары бойынша аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлына тапсырмалар жүктеді.
Партияның аудандық активіне аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық Саяси кеңес мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес пен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері, БАҚ өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.
#AMANAT
06 қыркүйек 2022 ж. 489 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930