Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын қоғамдық кеңестің төрағасы Табынбаев Есет Жұмабекұлының төрағалығымен жүргізілді. 
Аталған отырыста күн тәртібіне қойылған Білім саласындағы жастардың жай-күйі, жастардың білім саласында жұмысқа орналасуы, 2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ көрсеткіші туралы  аудандық білім бөлімінің басшысы Жөлекешов Әділхан Ондасынұлының баяндамасы тыңдалса, аудан көлемінде жұмыссыз жастардың тұрақты, уақытша жұмысқа орналасуы, "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту арқылы жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Абилов Әділхан Базарбайұлының есебі тыңдалды.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптар төңірегінде білім саласындағы жас мамандардың қоғамдық-саяси шараларға қатысу белсенділігін арттыру,  жастарға арналған орталықтармен байланысын күшейту, жастарды тұрақты жұмыспен қамту, бос жұмыс орындары аясында шығарылған хабарламаларға мониторинг жұмыстарын жүргізу сынды бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толықтай қаралды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 қыркүйек 2021 ж. 660 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 131

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 87

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 45

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031