Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада облыстық ассамблея активінің отырысы өтті

Қызылордада облыстық ассамблея активінің отырысы өтті

Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінің мәжіліс залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай республикалық күні аясында облыстық ассамблея активінің отырысы өтті.
Оған облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, Жастар қанаты, «Жаңғыру жолы» орталығының жастары, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, облыстық, қалалық Қоғамдық келісім кеңесі, қаладағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Сағат Тайман, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Оңғар Бермаханов, Абылай хан атындағы жоғары колледжінің директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Руслан Дүлдүл, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанова сөз сөйледі. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерциялау басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев былай деп сөзін сабақтады: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында аталған арнайы жобалардың қатарында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бастамасы бар. Бүгінгі таңда аталмыш жобаларды жүзеге асыру қарқынды жүруде. Ұлттық аударма бюросы алдыңғы қатарлы ЖОО-мен бірлесе отырып, алғашқы 18 оқулықты аударды. Рухани жаңғырудың негізінде экономикалық жаңғыру да бар. Қазір әлемдік жаһандану заманында әр ел мықты экономикасыз өмір сүре алмайды. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін әлемдік экономикамен байланыса дамуымыз қажет. Ал әлемдік экономикалық үндестікке білім арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Білім мен ғылым оқулық арқылы келеді. Сол оқулық арқылы санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті мамандар дайындалады. Ең бастысы экономикамыз дамыса, рухани көкжиегіміз кеңейеді», деді. Отырысты облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Бегалықызы қорытындылап, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыруға барынша күш салатындығын айтты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы
Egemen.kz
26 сәуір 2018 ж. 2 466 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930