Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз!

Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз!

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық партия филиалының мәжіліс залында тұрғындарға Елбасының әлеуметтік 5 бастамасын, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы дүние жүзіне белгілі 100 кітапты қазақ тіліне аудару бойынша түсіндіру, халықтар арасындағы достықты, ынтымақтастықты, және тұрақтылықты күшейту бойынша көмек көрсету, партия, Қазақстан халық Ассамблеясы мен тұрғындардың арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізу мақсатында "Қазақстан Халық Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаттары мен аймақтық ассамблея басшыларының азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні" республикалық акциясы болып өтті.
Акцияны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы жүргізді. Акцияға неміс, орыс, кәріс, өзбек ұлттарының өкілдері қатысып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Акция барысында өзбек ұлтының өкілі Н.Жұмаева мен неміс ұлтының өкілі С.Крюгер сөз сөйлеп, өздерінің бейбіт елде бақытты өмір сүріп жатқанын мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ акция соңында Қасқырбек Өмірзақұлы түрлері бөлек болса да тілектері бір өзге ұлт өкілдерін келе жатқан 1 мамыр Халықтар достығы күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
28 сәуір 2018 ж. 2 312 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031