Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Майдакөл ауылының тұрғыны 8 гектар жерге бақша дақылдарын екті

Майдакөл ауылының тұрғыны 8 гектар жерге бақша дақылдарын екті

Қазақта «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» деген жақсы сөз бар. Осы тәмсілді әрдайым естен шығармайтын Майдакөл ауылының тұрғыны, зейнеткер Алмасбек Ыбырайұлы балаларын ерте жастан еңбекке баулыған. Қазіргі таңда әке жолын қуған балалары да өзіне қолғабыс жасап жүр.
Жастайынан еңбекке ерте араласқан ақсақал зейнет демалысына шықса да қарап отырмайды. Жыл сайын ағайын-туыс және бала-шағасымен бірге ауыл іргесінен жер алып, бақша егеді.
Дихан ағамыз биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмады. Ерте көктемнен бастап 8 гектар жерге бақша дақылдарын егіп, жаз бойы бел жазбай еңбек етті. Ерте көктемнен басталған тынымсыз тіршілік еш кеткен жоқ.
Бүгінде Алмасбек Нәукенің бақшасы жайқалып өсіп тұр. Арықтардың жиегінде піскен қауынның иісі мұрынды жарады. Бүгінде балаларынан артылған қауын-қарбызды аудан орталығына апарып, көтерме бағада өткізуде. Жазғы демалысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген немерелердің де қуанышында шек жоқ.
Алмасбек Нәуке қауын-қарбыздан бөлек, картоп, жуа, қызанақ, қияр сияқты дақылдарды да еккен. Осылайша қыстай бала-шағасы жейтін бақша дақылдары мен көкөністерді дайындайды. Жаз бойғы еткен адал еңбектің арқасында Алмасбек Ыбырайұлының отбасы бұлардың ешқайсысын сатып алмайды.
«Мен бақша егумен көп жылдан бері айналысып келемін. Биыл да інілерім және балаларыммен бірге бақшаны жыртқызып, қоршап алдық. Бақша егу табандылық пен еңбекқорлықты қажет етеді. Көріп тұрғаныңыздай жаз бойғы еңбегіміздің нәтижесі жаман емес. Қарбыз, қауын, қияр мен асқабақтың шығымы жақсы», – деді еңбек иесі бізбен әңгімесінде.
17 тамыз 2022 ж. 476 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 145

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 137

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930