Бау-бақша – береке бастауы
Аудан тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі жер жыртып, бақша егу десек артық айтқандық емес. Қазалылықтар жыл сайын елді мекен іргесіндегі арнайы дайындалған жерлерге қауын-қарбыз өсіреді.
Жерден несібесін терген жандардың қатарында Майдакөл ауылының тұрғыны Алмасбек Нәуке де бар. Ол Ақжона ауылдық округіне қарасты «Құлпыбай» учаскесінен 5 гектарға жуық жерге бақша дақылдарын егіп, күтіп баптап жатыр.
Жерден несібесін терген жандардың қатарында Майдакөл ауылының тұрғыны Алмасбек Нәуке де бар. Ол Ақжона ауылдық округіне қарасты «Құлпыбай» учаскесінен 5 гектарға жуық жерге бақша дақылдарын егіп, күтіп баптап жатыр.
Бүгінгі таңда бақшада қауын-қарбыз, қиыр, қызанақ, картоп, асқабақ сияқты халық көп тұтынатын көкөністер жайқалып өсіп тұр.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап бақша басына арнайы барып, еңбекқор азаматпен тілдесті.
Ерте көктемнен бастап бақша басында кетпен ерінбей еңбек етіп жатқан Алмасбек Нәуке отбасымен бірге ешқашан картоп, жуа немесе қауын-қарбызды сатып алмайтынын тілге тиек етті.
– Бақша дегеніміз береке ғой. Күн жылына бастағаннан бала-шағам және бауырларыммен бірге осы жерде еңбек етіп жатырмыз. «Еңбектің наны тәтті» деп бекер айтпаған ғой. Амандық болса, аз ғана күннен соң бақша дақылдары пісе бастайды. Өзімізден артылғанын аудан орталығына және көршілес Арал ауданының жақын ауылдарына апарып сатамыз, – деп ағынан жарылды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың барлығы да бақша егіп, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға үлес қосуына болады. Себебі, бақша еккен әрбір адам өздеріне қажетті картоп, жуасын, қырыққабат пен өзге де дақылдарын жинап, базардан сатып алмайды.
#Қазалы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат