Әкеге құрмет – балаға міндет
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» бұл мақалдың астарында үлкен мән жатыр. Ол бала өміріндегі тәлім-тәрбиеде ата-ананың орны ерек екендігін білдірсе керек. Баланың бойындағы жақсы да жаман қасиетті байқаған үлкендер оны әкесі мен атасынан дарыған деп қоя беретіні де бар. Қазіргі кезде түрлі себептермен әке рөлі екінші орынға жылжыған. Неге десеңіз? баяғының әкелері ішімдік ішпеген, құмар ойын ойнамаған. Осылайша отбасы алдында абыройы асқар таудай болған. Ал кейбірі тіпті жұмысбастылықтың кесірінен бала-шағамен араласудан да қалыс қалып жатады. Нәтижесінде бала мен әке арасында көзге көрінбейтін перде пайда болады.
Арман Алданышов, кент тұрғыны:
– Қазіргі қоғам дерті ішкіш әке. Олар ішсе ақылын қоса жұтып, отбасын ойран етіп, шаңырақты шайқалтып ортаға түсіреді. Мұнан соң әке орны төмендемей қайтпек? «Жаман әкеден жақсы көрші артық» деген. Қазіргі кезде әке беделінен айырылып, жүзі кеткен пышақ секілді болып барады.
Жалпы менің әкемнің бала тәрбиесіндегі ұстанымы басқаша болды. Маған ешқашан «балам, сені мақтан тұтамын» деп айтқан емес. Тіпті, бос уақытында бізбен бірге далаға шығып доп теуіп, қазіргі ата-аналар секілді ойын-сауық орталықтарында қыдыртқан жоқ. Әр әрекетімізге араласқан емес. Алайда қажет кезде ақылын айтып отырды. Сол әрекеті арқылы шешім қабылдауда дербес болуға баулыған екен.
«Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды.

Айсәуле Ахметова,психолог маман:
– Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Оның мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Әке балаға жолдас әрі сырлас болу керек. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады.
Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. «Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері кете туар» деген халқымызда дана сөз бар. Ал дұрыс тәрбие алған бала қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып өседі.
Әрине, үй-ішінің жайлы өмір сүруі, бала-шағаның тәртіпті болуы – шаңырақтың темірқазығы саналатын отағасының ақылы мен еңбекқорлығына байланысты. Қазіргі кезде көптеген әкелер тіршіліктің күйбеңімен аласұрып, жұмысбастылықтан арыла алмай, тек ақша тауып, отбасын асырау, материалдық жағдайын жасау қамымен жүр.
Кейбірі үйден тысқары жерде жұмыс істеп, бала-шағасын ұзақ мерзім көрмейді. Сол себепті бала тәрбиесімен анасы ғана айналысады. Сонымен қатар ер-азаматтардың ішінде маскүнем, қатыгез, маубас, ойнасшыл, жатыпішер жалқау, әйелінің тапқан нәпақасын ішіп-жеп, қазан-ошаққа араласып жүруге арланбайтындар қатары да көбейген.
Данияр Айдаров, тарихшы:
– «Әкесіз бала – сужүрек, жиын тойға барады, босағада қалады» дейді. Яғни, жасқаншақ болатынын меңзеп тұр. Сондықтан біз бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын білгеніміз жөн. Бірақ қазақ өз құндылықтарына қайтып оралмайынша, әкенің отбасындағы рөлі төмендей бермек.
Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында «Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін қаған» деген жазу осының дәлелі.
Әйел ерге қараса, еркек көкке қараған. Өйткені ер адам энергияны тәңірден алып отырған. Айырмашылығы жер мен көктей деп босқа айтылмаған. Бұл әйел мен еркек ешқашан теңелмейді дегені. Көктен найзағай ойнап, жаңбыр жауса да, жер бірқалыптығын сақтаған. Өйткені жер мен көк арасындағы үйлесімділіктің негізін жер қалап отыр. Яғни, жер мен көк қалай гармония тапса, әйел мен ер адам да солай бір гармонияда өмір сүру керек.
Анеля Әли