Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде күн салқын болады: жұма күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде күн салқын болады: жұма күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

17 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
Еліміздің басым бөлігінде күн салқын болады: жұма күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде түнгі аяз сақталып, тұман түседі, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік және орталық аймақтарда – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы сақталады.
Түнде ауа температурасы -1…-10°С, күндіз +4…+10°С шамасында болады.
Астанада түнде -3…-5°, күндіз +8…+10°С жылы болады.
Шығыс өңірлерде – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы -7…-10°С дейін төмендейді, күндіз +3…+8°С шамасында болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Батыс облыстарда – Батыс Қазақстан мен Атырау өңірлерінде кей жерлерде жаңбыр және қар ұшқындауы ықтимал. Түнгі температура 0…+5°С, күндіз +8…+15°С жылы.
Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында күн бұлтты, кей өңірлерде аздаған жауын жауады. Күндіз ауа температурасы +10…+18°С.
Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында ашық, жылы ауа райы күтіледі. Түнде аздап салқындап, кей жерлерде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +15…+26°С аралығында жылы болады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында күн жылы әрі желсіз болады. Түнде +3…+10°С, күндіз +19…+24°С аралығында.



17 қазан 2025 ж. 189 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031